Мына дұғаны жатар кезде айтып ұйықтаған адам үлкен табысқа кенеледі!
Әбу Омар әл-Бар бин Азиб, олардың екеуіне де Алланың ризашылығы болсын, ол Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір адамға былай деп айтқанын естіген:
Иә пәленше, егер төсекке жатқың келсе: «Я, Алла! Нәпсімді Саған бойұсындырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабыңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім», - де, сонда егерде, расында осы түнде дүние салсаң, онда жаңа туған баладай (күнәдән пәк) күйіңде өлесің, ал егер таң атқанша тірі қалсаң онда үлкен игілік табасың»
/Аллаһмма әсләмту нәфсий иләйк, уә фәуәдту әмри иләйкә, уә уәж-әһту уәжһий иләйкә, уә әлжаъату зоһрий иләйкә роғбәтән уә роһбәтән иләйкә, ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйкә, әмнтә би китәбикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәл-ләзий әрсәлт. Бухари, Муслим.