МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ БОЛУ — ҮЛКЕН АБЫРОЙ Қымбатты әпкелерім, сіңлілерім және құрбыларым! «Егер әйел Аллаһқа мойынсұнып, бес уақыт намазын оқып, арын сақтаса Жәннатқа кіреді» деген хадиске назар аударайықшы… Кімге Аллаһ тағала бір істі жеңіл етсе, ол іс оған жеңілдігімен келеді. Хадиске амал ету арқылы сіздер екі дүниеде де жақсылыққа кенелтуші мейірімді Раббыларыңызбен қауыша аласыздар. Оның белгілеп берген заңдарымен жүріңіз, қайда апарып тірейтіні белгісіз болса да Аллаһтың кітабы Құран мен Оның Пайғамбары Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне жармасыңыз. Себебі сіз мұсылмансыз, болашақ анасыз. Бұл деген үлкен абырой мен мақтаныш! Өзге әйелдер құдайсыз болуы мүмкін, атеист, ащы тілді, көп құдайшыл, ақша мен пұттар қоғамында өмір сүріп жүруі де таңғалдырмайды. Ал сіз ше?.. Сізді Аллаһ Тағала Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізбасары болу үшін тек оның ғана емес мүміндердің аналары Хадиша мен Айшаның да ізбасары болсын деп таңдап алып мұсылман етті емес пе? Мен сізге күнделікті бес уақыт намаз оқып, Рамазан айында ораза тұтып, Қасиетті Қағбаға қажылық парызыңызды жасағаныңыз үшін, сонымен бірге Исламның ақ жаулығын желбіретіп жүргеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Расында да сіз Аллаһты Раббым деп, Мұхаммедті (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарым деп және Исламды дінім деп қабылдағаныңыз үшін бақытты жансыз. Сіздің қазынаңыз – дініңіз, әшекейіңіз – көркем мінезіңіз, байлығыңыз – жақсы амалдарыңыз екенін естен шығармаңыз. Сіз миллиондаған әйелдердің қасында әлдеқайда бай жансыз. Біздің өміріміз жайлы бір сәт ойланайықшы….

Теги других блогов: Ислам мұсылман әйел