Намазға салғырттықтың себептері
Намаз оқымайтын немесе намазға атүсті қарай-тындар, сондай-ақ намаз оқуға мойны жар бермейтіндер намаз жайлы сөз еткен уақытта сыныққа сылтау іздегендей әр-түрлі өзіндік уәждерін алға тартып жата-ды. Бүгінгідей бейбіт заманда намаз оқымауға көлденең себеп іздеудің өзі артық. Шын мәнінде, намаз – діннің тірегі деп білсек, намаз оқымау – діннің тірегіне сүйеу бола алмағандығымыздың белгісі емес пе? Ал, намазға қатысты айтқан сылтауларымыз, жай ғана нәпсінің жетегінде жүрген ойлар екенін мойындағанымыз абзал. Қош, енді бірнеше мысалдарға тоқталып, әңгімемізді одан әрі сабақтайық:
«Алланы мейірімді, кешірімді дейді ғой, Өзі кешірер...»
«Намаз оқымағанымызды Аллаһ өзі кешірер» деп ойлайтын адамдар, намаз оқымайтындардың алғашқы легін құрайды. Бұл жұмырбасты пенденің санасына салып берген шайтанның ойы, әрі алдаусыратуы екені шындық. Анығында Аллаһ тағала серік қосудан басқабарлық күнәні кешіреді деп кесіп айтуымыз орынсыз бо -лар. Ақиқатты танып-білу үшін Аллаһ тағала бізге сана берді. Өз айтқанымызға байыптай қарап, сәл ойланып көрдік пе? Бұған Аллаһ тағаланың өзі мына аятымен жауап беріп отыр. «Әй, адам баласы, Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір баланың әкеге бодау төлей алмайтын, ешбір әкенің өз баласына ештеңе де бере алмайтын күннен қорқыңдар. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте алдамасын. Сондай-ақ өте алдаушы ол (шайтан) Алланың кешіріміне сендіріп, сендерді алдамасын » ( Лұқпан, 32). Бұл аятта «қалай болса да Аллаһ кешіреді» деп намазға немқұрайлы қарау, жақсылыққа бастар жол еместігін меңзелген. Мейірімділердің мейірімдісі, рақымды Аллаһ тағала намазды ешқандай сылтаумен тастамау керектігін алдын-ала ескертуде. Ал, біз болсақ Аллаһ тағаланы өзінен артық білетіндей «ол кешіреді, ол мейірімді» деген жалған үмітті үкілеумен азанның үніне, жүректің нұры намазға сынық көңіл танытамыз. Қасиетті Құранда 70 мәрте намаз оқуға шақырады. Сонда бұған мән бермей «ол кешірімді» деп жүре беруіміз кімді алдағандығымыз болмақ?
Алдымен мынаның басын ашып алайық, Раббымыздың рақымы мен кешірімінен құр қалмауды ойласақ, күні-түні ғибадат етіп, күнәға жетелейтін жағымсыз іс-әрекеттерден бойды аулақ салғанымыз абзал. Әйтпесе ғапылдықпен күнәнің апанына түсіп кетіп, кейін бармақ тістеп қалуымыз кәдік. Мына бір аятқа назар салып көрейікші: «Шын мәнінде, Аллаһ жамандықты білмей істеп, содан соң дереу істеген ісіне өкініп тәубе еткендердің тәубесін қабыл алады. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі» (Ниса, 16). Де -мек, тәубеге келудің де өзіндік шарттарыболса керек.
Егер адам күнәні білмей істесе, артынша дереу тәубе еткені жөн. Жалпы алғанда адам баласы парыз етілген құлшылығын орындамай жүріп, күнәлі іске бой алды-рып, өзіне шаң жуытпай, дереу кінәдан өз басын ала қашуға бейім тұрады. Ал егер пенде біле тұра күнә жа-сап, артынша Жаратқанға жалбарынып, кешірім тілеп, шын ниетімен тәубесіне келсе, сонымен қатар ендігәрі күнә атаулының шалшығына аяғын аттап баспаса, онда құдай қаласа тәубесі қабыл болып, кешірімге ие болар.
Иә, Раббымыздың ерекше 99 есімдерінің ішінде Мейірім мен Кешірімді деген есімдері бар екенін жалпақ жұрт та біледі. (Мейірімі мен шапағаты мол Аллаһ тағала тек өзіне серік қосқанды кешірмейді.) Бір құдси хадисте Аллаһ тағала « Менің мейірімім ашуымнан ба-сым түседі »( Насай, Сунану Кубра 7758) дегені бар. Тіпті өмір бойы күнәдан көз ашпай келіп соңында терең тәубе еткен құлға, Аллаһтың мейірімі түссе, оған жұмақтан бір орынды сыйға тартуы да ғажап емес. Және де өмір бойы ақ жолдан айны -май ар сақтап келген адамдардың бір-ақ күнде «менен басқа жұмаққа кім лайық» деген сайтани ойға тап бо-лып, ақырында дүниеден тәубесіз көз жұмып, ақыретін тозақта жалғастырмасына кім кепіл?
Ендеше ешкім де Аллаһтан кешірілетіні жай лы уәде алған жоқ. Рақымды Аллаһ мейірімін төгіп,
кешірім қылар деген алабөтен ойдан аулақ болып, оның кешіріміне ие болу жолында жан-тәнімізбен шы-найы түрде құлшылық етуіміз керек. Дүниеде алшаң басып масайраған жанның ақыретте жаны қысылып қатты қорқатыны, ал дүниеде қорыққанның ақыретте қатты қорқынышқа берілмейтінін ойға алайық. Бір құдси хадисте Аллаһ тағала « Мен бір құлыма екі қорқынышты бірдей бермейтінім секілді, екі жан тыныштығын да қатар бермеймін» – деген. Жұмыр басты пенде бұл дүниеде қорықпаса, көзі шарадай болып ақыретте қорқатыны хақ. Жаббар иеміз өзінің құлдарына қорқынышты екі дүниеде бірдей бермейтіні секілді қуаныш пен жан тыныштығын да екі дүниеде қатар бермейді екен. Сондықтан да осы бір жалған дүниеде әрбір пенде ақыретті ойлап, Аллаһтың жама-лын аңсап, оның мейірімінен құр қалмайын деп сауап-ты істер жасап, құлшылық қылып, бес уақыт намазын қаза қылмай оқып жүрсе, ақыретте жан тыныштығына кенеледі. Құран Кәрімде «Ақыретте Аллаһтың сүйікті құлдарына қорқыныш та, қайғы да болмайды»( Бақара, 112.)деген. Ал егер Аллаһ тағала мені кешіреді, әр амалыма ақыретте өзім жауап беремін деп дүниеден алаңсыз өткен адамда, ақырет күнінде мұндай еркіндік пен өзіне деген сенімділік бола қоймасы анық.Қазақта «үмітсіз шайтан» деген сөз бар. Адам баласының бойында үрей мен үміт қатар жүреді. Он екі мүшесі түгел, күш-қуаты тасыған жастық кезеңде мұсылман адамның бойында ақырет қорқынышы ба -сым болғаны дұрыс, өйткені нәпсі деген көкжал бөрідей іштен ұлып, адам баласын тура жолдан тайғызып, қадамын қия бастыруға дайын тұрады. Жастық шақ, бойда жалын ойнаған албырттық кезеңде адам баласы дүниенің думанды, өтпелі өмірдің өткінші қызықтарына қалай алданып қалғанын білмей қалады. Ал, күш-қуаты семіп, қартайған шағында үміті басым болғаны жөн.
Құран Кәрімде «Егер шынайы мүмин болсаңдар, олардан қорықпаңдар, тек Менен ғана қорқыңдар»( Әли Имран, 175)десе, тағы бір аятта «Аллаһтың құзырына күнәмен барудан қорқып, нәпсісін тыйғандардың барар жері жәннат болады»( тырысқанда)делінген. Яғни күнәм көп, ізгі амалдарым аз деп Аллаһтың құзырына барудан қорқып, бұл дүниеде құлшылығын мейлінше толық істеуге тырысқандардың барар жері жәннат болмақ. Және Аллаһ тағала Құран Кәрімде кейбір сүйген құлдарына бір емес, екі жәннатты қатар беретінін айтқан. Сол екіжәннат Құдайдан қорыққан құлдарға ғана бұйырады екен. Ол «Аллаһтың құзырынан қорыққандар үшін екі жәннат беріледі»( Рахман, 46.) деген. Олай болса Аллаһтан қорқып күнәдан тыйылу, ақыреттен қорқып құлшылық қылу, бос үміттен абзал екені айғақ. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Сауылған сүттің желінге қайта кірмейтіні секілді Аллаһтан қорқып көз жасын көл қылған адамның да тозаққа кіруі мүмкін емес....»(Тирмизи) деген екен.
![Намазға салғырттықтың себептері](https://sun9-46.userapi.com/impf/c851332/v851332725/761e/oE0Do5eivVE.jpg?size=604x604&quality=96&sign=5ef2d646dd9827f94601c135f982fe75&c_uniq_tag=X52z_uxkGNGp9rxrBajiAYK5KZPRUatWT3G70VlzSkk&type=album)