Ойланыңдар! Жаман әйелдердің жағдайын айтатын болсақ, бұған қатысты Хазіреті Али (р.а.) тарапынан риуаят етілген бір хадис-шәрифті айтып өтейік: Мен және Фатима Пайғамбарымыздың (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) құзырына бардық. Оның жылап отырғанын көрдік те, одан сұрадық: Я, Расулуллаһ, сені жылатқан не нәрсе? Мұхаммед Пайғамбарымыз (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деді: «Миғражға көтерілген кеште кейбір әйелдердің өте ауыр жағдайда азап шегіп жатқандарын көріп едім, соларды еске алып жыладым». Мен айттым: Я, Пайғамбарымыз (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам), нені көріп едіңіз? «Бір әйелді көрдім, шаштарынан асылып тұр екен, басында миы қайнап жатыр еді. Бір әйелді көрдім, тілінен асылып тұр екен, қолы артынан шығып тұр еді, аузынан төменге ірің ағып жатыр еді. Бір әйелді көрдім, кеудесі артқы емшегінен шығарылып және бұл емшегінен асулы тұр, аузынан төменге ірің ағып жатыр еді. Бір әйелді көрдім, аяқтарынан асулы тұр, қолдары мен аяқтары маңдайына байланып тұрды. Үстіне жыландар және шаяндар шығып, оны шағып жатыр еді. Бір әйелді көрдім, өз-өзінің етін жеп жатыр, астында лаулап жатқан от бар. Бір әйелді көрдім, денесі оттан болған бір қайшымен қиылып жатыр. Бір әйелді көрдім, жүзі қап-қара болып, өзінің ішектерін жеп жатыр еді. Бір әйелді көрдім, саңырау, соқыр, мылқау, оттан жасалған бір сандықтың ішінде миы мұрнынан ағып жатыр еді. Тәні алапес, сол аурудың себебімен иісі сасып тұр еді. Бір әйелді көрдім, түрі иттің түріндей еді. Шаяндар және жыландар аузынан кіріп астынан шығып жатыр еді. Періштелер, оның басына оттан жасалған қамшылармен ұрып жатыр еді». Сонда Хазіреті Фатима (р.а.) орнынан түрегеліп былай деп айтты: Әкешім, көзімнің нұры! Маған айтшы, бұл әйелдердің істеген істері не еді? Сонда Пайғамбарымыз (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтты: Шаштарынан асылған әйел, шаштарын еркектерге көрсетуден тартынбаған, жаулық жамылмаған болатын. Тілінен асылған әйел күйеуіне тіл тигізіп, табалаған болатын». Содан соң, жоғарыдағы мағынада Расулуллаһ (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтты: Бір әйел күйеуіне тіл тигізіп, табалайтын болса, Алла Тағала оның тілін қиямет күні жетпіс метр созады да, содан соң, оны арқасына байлайды. Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық (р.а.): Расулуллаһтың (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтқанын естідім: Бір әйел күйеуіне тіл тигізіп, оны қорлайтын болса, ол әйел Алла Тағаланың лағнетіне, ашуына және періштелер мен бүкіл адамдардың лағнетіне ұшырайды». Хазіреті Осман (р.а.) Расулуллаһтың былай деп айтқанын естідім дейді: «Бір әйел күйеуіне «сенен еш қайыр көрмедім» деп айтатын болса, Алла Тағала оның жетпіс жылдық істеген құлшылығын есептемейді, егер бұл әйел күнін оразамен, түнін құлшылықпен, яғни намаз оқумен өткізген болса да». Расулуллаһ (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) сөзін жалғастырып былай деді: «Емшектерінен асылған әйел өзгенің балаларын күйеуінің ризашылығынсыз емізген әйелдер. Аяқтарынан асылған әйел күйеуінен рұқсатынсыз үйінен шыққан және ай басы жағдайы мен босану жағдайы біткеннен соң, жуынып ғұсыл алмаған әйелдер. Өлігін жеген әйел өзге еркектер үшін сәнденген және басқа адамдардың өсек ғайбатын айтқан әйел. Өлігі оттан болған қайшымен қиылып жатқан әйел, денесін басқа еркектерге көрсеткен әйелдер. Яғни, өзін және әдемілігін дүниеде болғанда өзге еркектерге көрсететін еді. Қолдары мен аяқтары маңдайына байланған және жыландар мен шаяндар шағып жатқан әйел намаз оқуға, ораза ұстауға күш-қуаты бола тұрып не дәрет алмайтын еді, не намаз оқымайтын еді. Ғұсыл алуы керек болған жағдайда ғұсыл алмайтын еді. Басы доңыздың басы, тәні есектің тәніне ұқсайтын әйел өтірікші және сөз таситын әйел еді. Түрі итке ұқсайтын әйел күйеуіне ашуланған немесе күйеуін ашуландырған әйел еді». Абу Зәр (р.а.) Расулуллаһтың (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтқанын естідім дейді: «Қай бір әйел болмасын, хақысыз жерде күйеуіне «Алла Тағала саған лағнет етсін» деп айтса, жеті қабат аспанның үстінен Алла Тағала ол әйелге лағнет айтады және адамдар мен жындардан да бөлек, Алла Тағаланың жаратқан әрбір нәрсесі ол әйелге лағнет айтады». Абдурраһман б.Ауф (р.а.) Расулуллаһтың (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтқанын естідім дейді: «Қай бір әйел дүние-мүлік үшін күйеуін табаласа, күші жетпейтін бір нәрсені күйеуінен сұрайтын болса, оның ешбірі парыз құлшылығы және ешбір нәпіл ғибадаты қабыл болмайды! Келген басқа бір риуаятқа қарағанда, Абдуллаһ Б. Расулуллаһтың (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтқанын естідім дейді: - «Бір әйел бірнеше алтын мен күміске ие болса, сол байлығымен қоса күйеуге шықса, сонан соң бір күні күйеуіне міндет етіп: — Сен кімсің? Дүние-мүлік менікі, сенің дүние-мүлкің жоқ қой?-деп айтса, Алла Тағала оның істеген амалдарын қаншалықты көп болса да босқа шығарады». Ибн-и Аббас (р.а.) Расулуллаһтың былай деп айтқанын естідім дейді: «Қай бір әйел күйеуінің рұқсаты болмастан, күйеуінің үйінен сыртқа шығатын болса, үстіне айдың және күннің сәулесі түскен әрбір нәрсе ол әйелге лағнет айтады. Ол күйеуінің үйіне қайтып келгенге дейін». Ибн-и Аббас (р.а.) Расулуллаһтың былай деп айтқанын естідім дейді: «Бір әйел үйінің есігінен шығар кезде боянып, таранып шығатын болса, күйеуі ол әйелдің бұл жағдайын көріп хош болса, ол әйелдің басқан әрбір қадамына күйеуі үшін тозақтың ішінде бір үй жасалады». Осындай жағдайлардан сақтану үшін Раббымыз Алла Тағалаға сыйынамыз! Сақтансаң, сақтайды. Талһа Б.Абдуллаһ (р.а.) Расулуллаһтың (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтқанын естідім дейді:«Қай бір әйел күйеуінің жүзіне қабағын түйіп қарап, оны ренжітіп қапа қылатын болса, күйеуінің жүзіне күліп қарап, оны өзінен хош еткенге дейін Алланың ашуында болады». Әбу Хурайраның (р.а.) былай дегені айтылды: Расулуллаһ (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) былай деп айтты:«Еркек әйелді төсегіне шақырған кезде, ол әйел күйеуінің жанына барғысы келмей тартынып, күйеуі оған өкпелеп ұйықтап қалса, таң атқанға дейін періштелер ол әйелге лағнет айтады». Жоғарыдағы Хадис –шәриф Бұхари, Муслим және басқа мұһаддистерден алынған. Салманның былай дегені айтылды:Фатима (р.а.) Расулуллаһтың (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) құзырына барды. Расулуллаһқа (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) қараған кезде, Фатиманың көз жасы тама бастады. Түсі де сарғайды. Сонда Расулуллаһ (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) одан сұрады: - «Не болды қызым»? Сонда Фатима (р.а.) былай деді: Өткен түнде Әли екеуміз әзілдесіп едік. Әңгіменің арасында аузымнан шыққан бір сөздің себебімен Әли маған өкпеледі. Оның маған өкпелегенін түсінген соң, айтқан сөзіме өкініп қалдым. Сол үшін оған: — Сүйіктім, маған реншімеші, — деп айтып, мені кешіруі үшін оны жеті рет айналдым. Соңында ол мені кешіріп, маған жымия қарады, бірақ мен сонда да Раббымнан қорқамын. Сол кезде Расулуллаһ (салаллаһу ьəлəйһи уə сəллам) Хазіреті Фатимаға (р.а.) былай деп айтты: «Әй, қызым, мені хақ пайғамбар етіп жіберген хақы үшін, егер Әлиді өзіңнен хош етпестен өлетін боғаныңда сенің жаназа намазыңды оқымас едім». Содан соң былай деп айтты: -«Әй, қызым! Білмейсің бе, күйеуіңнің ризалығы – Алланың ризалығы, күйеуіңнің ашулануы – Алла Тағаланың ашулануы. Әй, қызым, қай бір әйел Имраның қызы Мариямның істеген құлшылығындай құлшылық ететін болса да, бірақ күйеуі риза болмаса, Алла Тағала оның ешбір құлшылығын қабыл етпейді. Әй, қызым, әйелдердің ең абзал құлшылығы, күйеуіне бағынышты болуы. Содан соң әйел үшін ең абзал құлшылық – жіп иіріп тоқыма тоқуы. Әй, қызым, бір әйелдің тоқыма тоқу ісінде бір сағат болуы – ол үшін бір жылдық құлшылықтан қайырлы. Әйелдердің тоқыған әрбір киімі үшін оларға бір шаһидтің сауабы бар. Әй, қызым, бір әйелдің тоқыма тоқып күйеуі мен перзенттеріне кигізген әрбір киімі үшін, жәннатқа кіру уәжіп болады. Оның өріп тоқыған киімдерді киген кісілердің есесіндей Жәннаттың ішінде оған бір қала беріледі»

Теги других блогов: әйелдер Пайғамбарымыз Ойланыңдар